價格:免費
更新日期:2017-06-18
檔案大小:3.3M
目前版本:1.0
版本需求:Android 4.1 以上版本
官方網站:mailto:redaplicativos@gmail.com
Email:https://sites.google.com/site/privacy23apps77
Атамзаманнан бері адам баласын қызықтырып келген, әлі де қызықтыратын, сыры толық ашылмаған құбылыстың бірі – түс көру. Ұйқыдағы адамның шытырман оқиғаларға қатысып, қорқынышты жағдайларға ұшырап, кейбіреулердің айғайлап сөйлеуі, қара терге малынуы, әртүрлі әрекеттермен қимылдар жасауы жиі кездесетін жағдай екендігі көпшілікке мәлім.
Ертедегі тайпалар адам ұйықтағанда оның жаны кеудесінен шығып кетеді деп ойлаған. Сондықтан шырт ұйқыда жатқан адамды оятуға болмайды деп есептеген. Өйткені, «саяхаттап» жүрген жан өзінің иесіне қайтып келуге үлгере алмай қалады-мыс.
Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді.
Сөздікке жүгінер болсақ, түс дегеніміз – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер.